Ата-аналарға кеңес беру «Шағын орталыққа балалардың бейімделуі»
Мақсаты:
1. Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларға танымдық іс-әрекеттің дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлға қалыптастыру.
2. Көркем әдебиетті байланыстыра отырып, әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-құлық пен қатынасқа қабілетті әлеуметтік бейімделген шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
3.Балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың белсенділіктерін арттырып, тәрбиелік іскерліктерін байытып, олардың өздерінің педагогикалық мүмкіндіктеріне сенімділіктерін арттыру.
4.Ата -аналармен тығыз қарым-қатынаста болу .
Бала өзі жайлы, өзінің жанұясы және мекен –жайы туралы толық білуге тәрбиелеу. Туған жер, Қазақстан туралы түсініктерін молайтып, Отанына деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін кішкентай кезінен бастап қалыптастыру. Адамдармен амандасу, үлкенді сыйлауға үйрету. Ауданымыздың мәдени орындарын, тарихын білуге, құрметтеуге тәрбиелей отырып , саяхатқа шығу, оның тарихымен таныстыру
«Дайындық негізгі мектебі»КММ жанындағы шағын орталық жұмыс жоспары