«Жаттығу, тек қана жаттығу»

«Жаттығу, тек қана жаттығу» ұранын ұстанып, Дайындық негізгі мектебінде оқушылар, ұстаздар және техникалық қызметшілер таңғы бой жазу жаттығуларын жасайды. Мақсаты: қимыл-қозғалыс баланың кез-келген іс-әрекетінің негізін құрайды. Таңертеңгі жаттығу денсаулықты нығайтуға, организмді жетілдіру мен шынықтыруға, жұмыс қабілетін арттыруға жақсы әсер етеді. Таңертеңгі гимнастика балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі басты құрал болып табылады. Жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады,сергектік сезім пайда болады,қабілеттілігі артады. Дене жаттығуларымен күнбе-күн айналысу бала денесінің өсуіне және организмнің функционалдық жағдайына қолайлы әсер етеді.

Источник дополнительной информации