«Ауғаныстан – мәңгі есте»

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғам да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсен ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батыры-дегендей,

«Ауғаныстан – мәңгі есте» атты мәдени іс-шара Аққайың ауданы, «Дайындық негізгі мектебі»КММ-де ұйымдастырылды. Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толып отыр. Өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болғаны жайлы мектеп кітапханашысы Есенбаева Г.Г қысқаша мәлімет жасап мектеп оқушыларына видео ролик және презентация көрсетіп, бүгінгі жастар сол кездегі жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген мақсатпен жыл сайын түрлі деңгейдегі көрмелер, әдеби кештер ұйымдастырылады.

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу;

Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгіұрпаққа үлгі ете

отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу; Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

1979-1989 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана жалғыз боздағынан айырылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскер атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан айырылып қан төгіп мүгедек болғандар қаншама! Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер… Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы- Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отан сүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.

0:15 / 2:51

Все реакции:

6Светлана Саурбаева, Самал Нурмаханбетова и ещё 4

Источник дополнительной информации