#Балаларкүні

#Адалазамат

#Біртұтастәрбие

Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Балаларды қорғау күнінде қорғау шаралары ғана емес олардың көңіл-күйлерін көтеру концерттері де болады. Бұл мереке балалардың асыға күтетін мерекесі. Себебі,жыл сайын бұл мерекеде бүлдіршіндерді қуанту үшін іс-шаралар өткізіледі. Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Балаларға жастайынан жақсы тәрбие беруіміз керек. Балалар күнінде де осы тақырыпты қозғайды. Сонымен қатар осы мерекеде өте қызықты іс-шаралар болады.Балаларды қорғай білейік.

Бүгін Дайындық негізгі мектебінде де мерекелік іс-шара өтті. Жиналған қауымды мектеп директоры Т.С.Рамазанов құттықтады. «Дайындық » ЖШС-нің басшысы Б.А.Шаймерденовтан балаларға сыйлықтар табыстады. Мерекеге келген ата-аналар мен балалар әсем әндер мен әдемі билерді тамашалады. Мектеп тәлімгері Жантлесова А.У. және бастауыш сынып мұғалімдері Саурбаева С.С., Садыкова Г.У. балалар мен ата-аналармен қызықты ойындарды өткізді.

Источник дополнительной информации