Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бармайтын ата-аналар мен балаларға арналған консультациялық пунктінің жұмыс жоспары

2024-2025 оқу жылына жұмыс кестесі

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бармайтын ата-аналар мен балаларға арналған консультациялық пункт

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы
N 27 бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бармайтын ата-аналар мен балаларға арналған консультациялық пункт
         Ата-аналарға арналған консультациялық пункт қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандартына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын білім беру ұйымының бөлімшесі ретінде мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналары үшін құрылады.

  АКП жұмысының мақсаты

       АКП қызметін құрудың және ұйымдастырудың мақсаты отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға баламен психологиялық-педагогикалық қарым-қатынас жасаудың мазмұнын, құралдарын және тәсілдерін тиімді іріктеуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларды жан-жақты дамытуға қолдау көрсету болып табылады.

       АКП міндеттері:

       1) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтырудың мәселелері бойынша отбасылық балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың мектепке қабылдануына тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін ата-аналарына психологиялық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

       2) ата-аналармен жұмыс жасауда серіктестік байланысты орнатуға көмек көрсету;

       3) мектеп жасына дейінгі балаларға дербес нәтижеге бағытталған педагогикалық және психологиялық көмекті жүзеге асыру;

       4) балалар мен ата-аналарға әлеуметтік және медициналық қолдау көрсететін басқа да ұйымдардың мектепке дейінгі ұйымдармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

       5) мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге көмек көрсету;

       6) ата-аналар жұртшылығының педагогикалық білімін арттыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар: диспуттар, жас отбасылар фестивальдері, конференциялар, ата-аналар жиналыстары, экскурсиялар ұйымдастыру;

       7) ақпараттық және «консультациялық» парақтарды, анықтамалық басылымдарды, естеліктерді, жарнамаларды әзірлеу және тарату, интеллектуалдық ойындарды, сауалнамаларды, конкурстарды және танымдық-оқыту тренингтерін өткізу;

       8) отбасы тәрбиесінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыста болу.

Источник дополнительной информации