Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.
Питер Клайн.
Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы болатынын білеміз. Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігін түсінеді. Оқушылардың білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады.
Зерттеу мақсаты:
Әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай дарындылығын әр түрлі әдістермен айқындау және дамыту, оның ішінде ғылыми іздеу қызметімен ұштастыру.
Зерттеу міндеттері :
— Оқушы дарындылығын әлеуметтік қажеттілігіне сай ғылыми негізінде дамыту шарттарын анықтау.
— Ғылымның әр саласынан дарынды балаларды таңдап алу және олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
— Оқушылардың өздігінен білімдерін көтеруге, жетілдіруге белсенді әрекет жасау.
— Оқушының өз бетінше білім – дағдыларын жетілдіру барысында мұғалімнің ерінбей — жалықпай үлкен ізденіспен жұмыс жасауы.
— Оқушылардың ғылыми – шығармашылық жұмыспен шұғылдануы, оқушылардың оқу үрдісін жетілдіруде және мамандық таңдауда да көмегін тигізуі.
Зерттеу әдістері:
Зерттеуде баяндау, жинақтау, саралау, әдеби- ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынады. «Аққайың ауданы дайындық негізгі мектебі»КММ-де Осы зерттеу барысында жоғарыда айтылған мақсат міндеттерге сай жұмыс жасалды. «Зерде»2-7 сынып оқушылары арасындағы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңінде ІІІ орын алғаны үшін Мейірманова Айғаным- 7 сынып оқушысы, Мектай Али- 5 сынып оқушысы ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз.