Домбыра – қазақ халқының қастерлі ұлттық музыкалық аспабы. Бабаларымыздан мирас болып қалған домбыраның тарихи тамыры ғасырларға ұласады. Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының бойтұмары.
Домбыра тарту арқылы білім алушылардың бойында қазақ халқының мәдени мұрасы дариды, рухани дамуына көмектеседі, эстетикалық тұтастықты қалыптастырады.
Мектебіміздің «Болашақ» домбырашылар ансамблі және оның жетекшісі — Насилова Ырыскул Конусбаевна
челленджіне қатысты. Челлендж мақсаты: білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау.