2023-2024 оқу жылына арналған
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Аты-жөні: Хуандых Гүлнур
2023-2024 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру бойынша жылдық жұмыс жоспары
Мақсаты:Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру, білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау.
Міндеттері:
- 7-9 сынып оқушылары мен ақпараттық және кеңес беру, диагностикалау бағыттарында жұмыс жүргізу.
- 8-9 сынып оқушылары мен іс-әрекет бағыттары бойынша жүйелі жұмыстарын айқындау.
- 9 сынып оқушыларын кәсіби өзін-өзі айқындауға бағдарлау жұмыстары.
- Кәсіби білім беру аясында әлеуметтік серіктестікті дамыту.
- Оқушыларға кәсіби таңдауларына сәйкес жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, денсаулықтарына байланысты, аймақтағы мамандарға сұраныстың қажеттілігін негізге алып, мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдстыру.
Күтілетін нәтиже:
- Жасөспірім кезінен бастап жеке тұлғаның қабілеті мен мүмкіндіктерін ашу.
- Оқушылар білімдерін ЖОО немесе кәсіптік колледждерде жалғастырады.
- Кәсіби өзін-өзі айқындайды.
2023-2024 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру бойынша жылдық жұмыс жоспары
қ/с | Атқарылатын жұмыс | Жұмыс түрі (ақпараттық бағыт кеңес беру, диагностикалық бағыт белсенді-дамытушы бағыт) | Мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауаптылар |
1 | Кәсіптік бағдар беру бойынша нормативтік құқықтық құжаттар мен танысу | Оқып танысу | Тамыз | Мәлімет | Мектеп әкімшілігі |
2 | Өткен жылғы кәсіби бағдар нәтижесін талдау, 9, сынып түлектерінің орта кәсіби және жоғары оқу орындарына түсуін анықтау. | Мониторинг жасау | Тамыз, қыркүйек | Мәлімет | Сураганова А.М МДОІЖО Сынып жетекшілер |
3 | Кәсіптік бағдар беру жылдық жұмыс жоспарын жасау, бекіту | Бекіту | Тамыз, кыркүйек | Жоспар | |
4 | Кәсіптік бағдар беру кеңесін құру | Бекіту | Қыркүйек | Мәлімет | Айтмухамбетова А.Б МДОІЖО |
5 | Мұғалімдерді кәсіптік бағыт-бағдар берудегі нұсқау, бұйрық, шешімдермен таныстыру | Жоспар | Қыркүйек | Мәлімет, мониторинг | МДОІЖО |
6 | Білім алушылардың қызығушылығы бойынша сауалнама 7-8, 9 сынып | Сауалнама | Қыркүйек | Мәлімет | Айтмухамбетова А.Б Педагог-психолог |
7 | 8сыныпты комплектілеу,оқыту бағытын айқындау | Таныстырылым | Тамыз, қыркүйек | Мәлімет | Айтмухамбетова А.Б МДОІЖО Сураганова А.М |
8 | Оқушылардың мамандық саласы бойынша оқулықпен қамтылуын қамтамасыз ету | Бақылау | Қыркүйек | Мәлімет | Кітапханашы |
9 | Қоғамдық –гуманитарлық, жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндердің оқытылуын бақылау,жетістіктері мен кемшіліктері бойынша жұмыс жүргізу | Кеңес беру | Жыл бойы | Мәлімет | Айтмухамбетова А.Б МДОІЖО Педагог-психолог Пән мұғалімдері |
10 | Оқушыларға мамандықтар туралы кеңес беру және оларды ақпараттандыру | Кеңес беру | Жыл бойы | Мәлімет | Айтмухамбетова А.Б Педагог-психолог |
11 | «Сенім жәшігі» кәсіп таңдаудағы сұрақтар | Кеңес беру | Жыл бойы | Мәлімет | ДТІЖО Сынып жетекшілер |
12 | Жеке кәсіби бағдар беру кеңесі, топтық кәсіби бағдар беру кеңесі | Әңгімелесу | Жыл бойы | Мәлімет | Педагог- психолог Сынып жетекшілер |
13 | Ата-аналарға, оқушыларға жеке кеңестер беру | Әңгімелесу | Жыл бойы | Хаттама | Педагог- психолог Сынып жетекшілер Әлеуметтік педагог |
14 | Оқушылардың кәсіби бағыты бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізу | Кеңе беру, әңгімелесу | Қыркүйек, қазан | Мәлімет | Педагог- психолог Сынып жетекшілер |
15 | Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру арқылы мамандыққа және еңбекке деген қызығушылықтарын қалыптастыру (бастауыш,орта, негізгі буын сыныптары) | Кеңес беру (жұмыс түрлер) | Жыл бойы | Мәлімет | Айтмухамбетова А.Б Педагог-психолог Сынып жетекшілер |
16 | Қашықтықтан оқыту бойынша болатын вебинар,конференция т.б іс-шараға қатысу | Таныстырылым | Уақытында | Мәлімет | Айтмухамбетова А.Б Педагог-психолог Сынып жетекшілер ҚББП |
17 | Кәсіптік бағдарлы тест (бастауыш,орта, негізгі буын сынып оқушыларының жас ерекшелігіне орай) | Тест | Қазан | Мониторинг | Педагог-психолог Сынып жетекшілер ҚББП |
18 | Өңірімізге қажетті мамандықтарды анықтау, оқушыларға насихаттау | Кездесу | Қазан | Мәлімет | Сынып жетекшілер ҚББП Ата-аналар |
19 | Сынып сағаттарын өткізу «Мансапқа жетуді жоспарлауда өзін тәрбиелеудің ролі» | Бейнеролик | Жыл бойы | Мәлімет, фото есеп | Р.Мухангалиева ҚББП ДТІЖО |
20 | «Не? Қайда? Қашан?» атты мамандық туралы викторина 8-9 сынып | Викторина | Қараша | Мәлімет | Айтмухамбетова А.Б |
21 | «Адам өміріндегі еңбектің ролі» тақырыбында эссе 8-11 сынып | Эссе | Қараша | Анықтама | Айтмухамбетова А.Б Педагог-психолог |
22 | Оқу орындарына түсу шарттарын түсіндіру | Таныстырылым | Қараша | Ақпарат, мәлімет | МДОІЖО Пән мұғалімдері |
23 | Кәсіпорындарға экскурсияға бару | Экскурсия, бейнежазба | Жыл бойы | Бұйрық, мәлімет | МДОІЖО Сынып жетекшілер Ата-аналар |
24 | 5-7 сыныптарымен кәсіби ағарту жұмыстарын жүргізу | Насихаттау, қызығушылығын, қабілетін анықтау, әлеуметтік картасын анықтау | Қыркүйек Қазан Қараша | Тест қорытындылары, оқушы картасы, сауалнама | Педагог-психолог Сынып жетекшілер |
25 | 8-9 сыныптарымен кәсіби ағарту жұмыстарын жүргізу | Насихаттау қызығушылығын, қабілетін анықтау әлеуметтік картасын анықтау | Қазан Қараша | Тест қорытындылары оқушы картасы, сауалнама, | Айтмухамбетова А.Б Педагог-психолог Сынып жетекшілер |
26 | 8-9 сыныптарымен кәсіби ағарту жұмыстарын жүргізу | Насихаттау қызығушылығын, қабілетін анықтау, әлеуметтік картасын анықтау | Қазан Қараша | Тест қорытындылары, оқушы картасы, сауалнама | Айтмухамбетова А.Б Педагог-психолог Сынып жетекшілер |
27 | Сауалнама, тест қорытындылары бойынша психологиялық кеңес беру | Сұхбаттасу | Қараша | Мәлімет | Айтмухамбетова А.Б Педагог-психолог |
28 | Оқушыларға жеке кеңес беру (психолог кеңесі) | Кеңес, насихаттау | Қараша Желтоқсан | Мәлімет | |
29 | Оқушыларға жеке кеңес беру (пән мұғалімдері) | Сабақ | Үнемі | ҚМЖ | Пән мұғалімдері |
30 | Еңбек заңнамалары саласында, еңбек қорғау саласындағы білім алушылардың қауіпсіздік техникасы туралы кеңес беру | Дөңгелек үстел | Желтоқсан | Фото есеп Хаттама | ДТІЖО Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер |
31 | 7-9 сыныптар аралығында «Маманықтар әлеміне саяхат» тақырбында саяхат | Бейне көрсетілімдер | Желтоқсан | Мәлімет | Сынып жетекшілер Пән мұғалімдері |
32 | 8-9 сыныптар аралығында «Маманықтар әлеміне саяхат» тақырбында саяхат | Бейне көрсетілімдер | Желтоқсан | Мәлімет | ҚББП |
33 | Таңдаған мамандықтары бойынша мониторинг жасау | Мониторинг жасау | Желтоқсан | Гистограмма | МДОІЖО |
34 | Сала мамандарымен, мектеп түлектерімен кездесу | Әңгімелесу | Желтоқсан | Мәлімет, Фото есеп | МДОІЖО Сынып жетекшілер |
35 | Кәсіпкерлік мектеп мамандарымен кездесу | Пресс – конференция | Мәлімет | Пән мұғалімдері Сынып жетекшілер | |
36 | Тұлға қабілеттілігінің психологиялық ерекшеліктері Оқушылардың қабілеттерін зерттеуКәсіби бағыттылықты зерттеу. | Сауалнама | Қаңтар | Анықтама, мониторинг | Педагог-психолог |
37 | 8-9 сыныптарға «Болашаққа апаратын жол» тақырыбында бейне кәсіптік ойындар ұйымдастыру | Іс-шара | Қантар | Жоспар | ҚББП Тәлімгер Сынып жетекшілер |
38 | Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар туралы ақпарат беру 8-9 сынып | Әңгіме-дебат | Қаңтар | Мәлімет | ҚББП Тәлімгер |
39 | «Менің болашақ мамандығым» сурет сайыс 1-9 сынып | Сурет сайыс | Ақпан | Мәлімет, фото есеп | Бейнелеу өнер пәнінің мұғалімдері Сынып жетекшілер |
40 | Қоғамдық пайдалы еңбекке жұмылдыру | Ұжымдық | Жыл бойы | Мәлімет | Мектеп ұжымы Ата-аналар Оқушылар |
41 | Келешекте дамитын жаңа мамандықтар туралы ақпарат беру. 9 сынып оқушыларына. | Презентация | Ақпан | Мәлімет | Пән мұғалімдері Сынып жетекшілер |
42 | «Кім боламын?» 9 сынып | Пікірлесу | Ақпан | Ақпарат | Сынып жетекшілер ДТІЖО |
43 | «Менің арманымдағы мамандық» 7-9 сынып | Шығармашылық сайыс | Ақпан | Іс-шаралар, мәлімет | ДТІЖО Педагог- психолог Сынып жетекшілер |
44 | Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды зерттеу | Зерттеу жұмысы | Ақпан, наурыз | Мәлімет | ҚББП |
45 | ЖОО туралы ақпарат беру | Пікір алмасу | Жыл бойы | Мәлімет | Айтмухамбетова А.Б Сынып жетекшілер |
46 | «Кәсіптік бағдар беру » апталығы | Таныстырылым (әдістемелік кеңесте) | Сәуір | Мәлімет | Айтмухамбетова А.Б МДОІЖО ДТІЖО Сынып жетекшілер |
47 | Жоғары оқу орындары мен колледждердегі ашық есік күніне қатысу | Конферен-ция, әңгімелесу, сұхбат | Сәуір, мамыр | Мәлімет | ДТІЖО Сынып жетекшілер |
48 | «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында эссе жаздыру | Эссе | Мамыр | Эссе жинағы | Айтмухамбетова А.Б Пән мұғалімдері |
49 | Оқушыларды өзгермелі өмірге дайындау | Әңгіме, дебат, | Мамыр | Мәлімет | Педагог- психолог Сынып жетекшілер |
50 | 9сынып оқушыларының мамандық, оқу орындарын таңдауы туралы есеп беру | Пед кеңес | Мамыр | Хаттама |
Жоспарды түзген: Кәсіби бағдар беруші педагогы Х.Гүлнур