«Қош келдің, Әз — Наурыз!»
Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той, ай шіркін-ай қазақтың салт-дәстүрлерін десеңші. Қызыға күтетің үлкен мерекеміз, ата -бабадан келе жатқан ұлттымыздың Наурыз мерекесі. Осы мерекені біз бір шаңырақ астында бір үлкен отбасыдай үлкені де , кішісі мен бірге тойлап өткіздік. Наурызға Алла Тағала сыйлаған әдемі шуақты күнің атысымен от жағылып, қазан қойлып, Наурыз көже, палау әзірлене басталды. Үлкен шаңырағымыз мәдениет үйінде бәріміз іс — шараға ат салысып 9 ауыл үстелдері дайындалды, және келуші көрермен қонақтарға үстелдер әзірленді. Іс — шараның мақсаты мектеп оқушыларының әрбір сынып ауылдарға бөлініп ас, дәстүр және өнер көрсету болды . Мерекелік іс шараны бастуға ауылымыздың басшысы Шаймерденов Біржан Әбділманұлы құттықтау айтып және осы мереке қарсаңында өзінің қол астында көп жыл бойы атқарған зейнетке шыққан қызметкер азаматтарды құттықтап әрбір зейнеткерге 300 000 мың теңге сертификат сыйлығын ұсынды. Және іс -шараны өткізуге көмек көрсеті. Сонымен қатар Наурыз мейрамын тойла отырып спорттық ойын өткізілді Тоғызқұмалақ, бес тас ойындары ойналды әр бір женген ойыншы бағалы сыйлыққа ие болды. Іс- шараға келген қонақтар өнерінің және құттықтау сөздерін айтып, Қыдыр атамыздың және үлкендердің ақ баталарың алып бәріміз өте жақсы мереке күнің өткізіп, риза болдық