Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Дайындық негізгі мектебінің оқушылары мен ұстаздары ауылымыздың көрнекті азаматы, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жәмшин Нұрмағанбетке арналған ескерткіш тақтасына барып, тағзым етті.
Шара барысында оқушылар қайраткер тұлғаның өмір жолымен, елге сіңірген еңбегімен танысты. Мұғалімдер Жәмшин Нұрмағанбеттің ұлт болашағы үшін еткен еңбегі мен ауыр тағдырын баяндап, азалы жылдардың зардаптарын, тарихи әділеттілік жолындағы күресін атап өтті.
Жас ұрпақ оның рухына гүл шоқтарын қойды. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың ел тарихына деген құрметін арттырып, Отан алдындағы азаматтық борышты сезінуге тәрбиелеу. тарихтан тағылым алып, өткеннің қасіретін ұмытпай, болашаққа бейбіт көзқараспен қарау — әр ұрпақтың парызы екенін жеткізу, тәлім беру.





Все реакции: