#Біртұтас_тәрбие

#мектебімсағанмыңалғыс

#білімотаныма

Оқу жылының соңғы күні – 23 мамырда барлық мектептерде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Бұл іс-шара оқушылар мен мұғалімдер үшін маңызды сәттерді еске алу, оқу жылын қорытындылау, білімге құштарлық пен патриотизмді нығайту мақсатында ұйымдастырылады.

Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге сәйкес келетіндіктен, 9-сынып бітірушілеріне арналған салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында өтті. Алғашқы сөз мектеп директоры Рамазанов Т.С. берілді. Сонымен қатар, оқушылардың 2024-2025 оқу жылындағы жетістіктері мен үлгі істеріне ерекше назар аударылып, 11 оқушы өте жақсы оқығаны үшін мақтау қағазымен және Облыстық, Республикалық жетістікке жеткен оқушыларды мектеп директоры марапаттады.

Мектеп түлектері іс-шара барысында 9 жылдық мектеп аяқтауы ұстаздарға сонымен қатар келе жатқан сыныптарға өлең жолдарын арнап, мектеп парламентінің президенті Жанат Гүлім артынан келе жатқан 8 сынып оқушысы Сапуан Нұрайға мектептің алтын кілтін табыстады. 2024-2025 оқу жылының түлектерінің сынып жетекшісі Ә.Б. Айтмухамбетова түлектеріне әсерлі әуен арнап шығарып салды.

и ещё 32

8

Источник дополнительной информации