16 мамыр «Дайындық негізгі мектебі» КММ мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқу жылының аяқталуына, оқушылар үлгерімі, жазғы демалыста өткізілетін 1-4 сынып оқушыларына ұйымдастыроылатын мектеп жанындағы алаңы туралы айтылды. Келер оқу жылына мектеп формасы туралы сөзге тиек етілді. Мектеп психологы Рамазанов А.К. «Жазғы демалыс кезіндегі балалар мен жасөспірімдердің интернетке тәуелділігін алдын алу және буллинг, кибербулллингті алдын алу жайында баяндама оқыды. Әлеуметтік ұстаз Уразалина Г.Ж. «Жазғы демалыстағы су қауіпсіздігі туралы ата-аналарға ескертті. Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Сураганова А.М. әлеуметтік психологиялық қызметтің ережесіне сәйкес, жазғы демалыс уақытында ата-ана баласы конфликт, қобалжу, буллинг т. б. жағдайда мектеп психологы мен әлеуметтік ұстазына кез келген уақытта жүгіне алатыны, кеңес алуға болатынын айтты.


