Балаларды қорғау күні.

#біртұтастәрбие

#1маусым

#Балалардықорғаукүні.

Ұрпақ өсіру адам өміріндегі ең үлкен бақыт.Тәрбиелеп отырған бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі ұлттың жалғасы.Балаға барлық ата-ана болсын,білім ордасы, ұстаздар қауымы болсын тәрбиеге аса көңіл бөлеміз.Себебі,қазіргі жас өрендеріміз ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар . Осы мерекені тойлаудың басты мақсаты – жұртшылық назарын балалардың құқығын қорғауға, бақытты балалық шағын тыныш әлемде өткізуге және өз елінің толық және бейбіт азаматы ретінде өсуіне көз жеткізу болып саналады.

Сол себепті жыл сайын 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі «Дайындық негізгі мектебі» КММ-де «Елдің сәні- ерке балғындар» атты мерекелік іс-шара аталып өтілді. Ауыл бүлдіршіндері мен мектеп оқушыларына “Дайындық- Агро ЖШС”директоры Шаймерденов Біржан Әбділманұлы мерекелік іс-шарада балаларды құттықтап, сыйлықтар тарту етті. Мерекелік іс-шараны көрсету және көңілді ойын-сауықтар өткізілді. Ойындарға ата- аналар мен балалар белсене қатысты. Оқушыларымыз түрлі-түсті борлармен асфальтта сурет салу сайыстары өтті. Жас жеткіншілер керемет көңіл-күймен қайтты .

Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз,

Жоғалмасын ешқашан берекеміз.

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,

Құтты болсын,балалар мерекесі !

Источник дополнительной информации