Дайындық негізгі мектебінің тарихы
1935 жылы Дайындық ауылында алғашқы мектеп ашылып, бастауыш мектеп меңгерушісі болып Ақманбаев Ескендір тағайындалды. Бастауыш мектеп 7- жылдық мектепке ауысқанша осы мектептің меңгерушісі Сарсенбаева Зияда, Қасым және 1949 жылға дейін Тлеулина Зейни істеді, ал 1949 жылдан 1951 жылға мектеп меңгерушісі Рамазанов Сәкен Рамазанович істеді.
1951 жылы колхоздағы ірлендіру негізінде Еркіндік, Кеңес және Дайындық колхоздарының бірігуі нәтижесінде, Еркіндік 7-жылдық мектебі мен Кеңес бастауыш мектебі жабылып, Дайындықта 7-жылдық мектеп ашылды да Еркіндік.
7- жылдық мектебі деп атанды. Өйткені сол кезде колхоздың аты Еркіндік болып сақталып қалған еді. Тек қана мектептің 1960 жылы селоның атына сәйкес өзгертіліп Дайындық мектебі деп аталды. Алғашқы 7-жылдық мектептің директоры болып Нұрбаев Ахметжан істеді. Мектеп 6 бөлмелі және коридоры кең, жарық болды.
5сынып бөлмесі Еркіндік және Кеңес мектебінің материалдарынан салынды да, бір класс бөлмесі мен коридор жергілікті ағаштан мектеп мұғалімдерінің көмегімен салынды. Құрылысты Губайдуллин Ғұмар басқарды. Мектеп жанында қоғамдық интернат болды. Онда «Еркіндік»,«Қызыл Жұлдыз» және «Кеңес» ауылдарының оқушылары тұрды. Интернат меңгерушісі болып Бердалин С.Б. істеді. Мектепте барлығы 7 комплект болды, 4 класс бастауыш, 3 класс (6-5-7) жоғары кластар болды. Оқушылпр саны 160-тай, кейбір жылдары 190 –ға жетті. Мектеп директоры Нұрбаев Ахметбек мектептің бір бөлмесінде тұрды.
1953 жылы Қожин Ризабек, ал 1955 жылдан 1958 жылға дейін Құрманғалиев Ануарбек мектеп директоры болып істеді. Мектепте сол жылдары «Газ-51» автомашинасы болды, сынғанан кейін совхозға берді. 1958 жылдан 1966 жылға дейін мектеп директоры Тлеужанов Қайырлы істеді. 1955 жылы тың игеруге байланысты «Ленин»совхозы құрылды, колхоз совхоздың бөлімшесіне айналды, ал 1960 жылдан бастап 7-жылдық мектептер 8-жылдық мектептерге ауыстырылды да Дайындық сегіз жылдық мектебі болып аталды.
1966 жылдан 1970 жылға дейін мектеп директоры Малгаждаров М.М., ал оқу ісінің меңгерушісі Абдрахманов Ж.А. істеді. Ол кезде мектепте 10 сынып – комплект болды.
Мектеп жанында бақшаның негізі 1954 жылы қаланды. Тұсында егілді. Мектеп бақшасының негізгі қалушы – Кожин Р. болды.
1967 жылы жаңа мектеп салынды. 1970 жылдан 1983 жылға дейін мектеп директоры болып Абрахманов Ж.А. тың игерушілердің келуіне байланысты 1973 жылы мектеп толық орыс мектебіне айналды. 1971 жылдары мектеп жаңында тәжірибе участігі ұйымдастырылды. Оның жұмысың биолог Сейтенова Х.С. басқарды.
Сол жылдары аудандық көрмеге қатысып гүл өсіру жөнінде екінші орын алды (гүлдін 24 түрі өсірілді және көрмеге апарылды).
1978 жылы меетепте домбыра оркестры ұйымдастырылып, телидидардан көрсетілді. Оның жұмысын Шаймерденов Болат басқарды.
1983-1984 оқу жылында мектеп директоры Қадырбаев Б.Қ.тағайындалды. сол жылы оқушылар аудандық көркем өнер сайысына қатысып бірінші орын алды.
Аудандық гүлдер көрмесінде екінші орын.
Мектеп алды тәжірибе учаскісінен бірінші орын.
1986-1989,1990-1994 жылдары Абильмажинов Жалел Қайыржанұлы директор болды.
1989-1990 оқу жылының директоры – Усеинов Мурат Усеинович.
1994-1996 оқу жылдарының директоры Аманжолов Бауржан Сатыбалдинович.
1996 жылдан осы уақытқа дейін Рамазанов Талғат Сакенович директордың қызметін атқарып отыр. Мектеп оқушыларымыз аудандық пәндік олимпиадалар жүлдегерлері. Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадаларында әр түрлі номинацияда өздерін көрсете білді. Аудандық және облыстық Абай, Мағжан оқуларының женімпаздары.Ұлттық ойындар «Тоғызқұмалақ», «Бес тас» сайыстарынан оқушыларымыз және мұғалімдеріміз облыстық, республикалық деңгейде жоғары жетістіктерге жетті.
2001 жылы «Дайындық» ЖШС-ің демеушілік көмегімен мектепте құрделі жөндеу өтті.
2005 жылы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығына орай стелла орнатылды.
2010 жылы мектептің ішінде «Балдәурен» шағын орталығы ашылды.
2017 жылы Шаймерденов Біржан Әбділманұлы толық қаржыландырып бөлек нысан ретінде салынып ауылымыздың бүлдіршілеріне қолайлы жағдай жасалды.
2014 жылы мектепте «Өнер» мектебінің филиалы ұлттық аспаптар оркестірі ұйымдастырылды. Қазіргі танда өз өнерлерімен ауыл және аудан өнер сүйер қауымды тамсандырып жүр.
2015 жылы Қазақ КСР –ның құрметті азаматты Жәмшин Нұрмағанбеттін мемориалдық тақтасы орнатылды.
2018 жылы «Дайындық» ЖШС директоры Шаймерденов Біржан Әбділманұлының демеулік көмегімен мектепке күрделі жөндеу, қазіргі заман талабына сай спортзал салынып жатыр.
Бірінші мектеп директорлары туралы
1935 жылы Дайындық ауылында алғашқы мектеп ашылып, бастауыш мектеп меңгерушісі болып Ақманбаев Ескендір болып тағайындалды. Бастауыш мектеп 7- жылдық мектепке ауысқанша осы мектептің меңгерушісі Сарсенбаева Зияда, Қасым және 1949 жылға дейін Тлеулина Зейни істеді, ал 1949 жылдан 1951 жылға мектеп меңгерушісі Рамазанов Сәкен Рамазанович болып істеді.
1951 жылы колхоздағы ірлендіру негізінде Еркіндік, Кеңес және Дайындық колхоздарының бірігуі нәтижесінде, Еркіндік 7-жылдық мектебі мен Кеңес бастауыш мектебі жабылып, Дайындықта 7-жылдық ммектеп ашылды да Еркіндік.
7- жылдық мектебі деп атанды. Өйткені сол кезде колхоздың аты Еркіндік болып сақталып қалған еді. Тек қана мектептің 1960 жылы селоның атына сәйкес өзгертіліп Дайындық мектебі деп аталды. Алғашқы 7-жылдық мектептің директоры болып Нұрбаев Ахметжан істеді. Мектеп 6 бөлмелі және коридоры кең, жарық болды.
5сынып бөлмесі Еркіндік және Кеңес мектебінің материалдарынан салынды да, бір класс бөлмесі мен коридор жергілікті ағаштан мектеп мұғалімдерінің көмегімен салынды. Құрылысты Губайдуллин Ғұмар басқарды. Мектеп жанында қоғамдық интернат болды. Онда «Еркіндік»,«Қызыл Жұлдыз» және «Кеңес» ауылдарының оқушылары тұрды. Интернат меңгерушісі болып Бердалин С.Б. істеді. Мектепте барлығы 7 комплект болды, 4 класс бастауыш, 3 класс (6-5-7) жоғары кластар болды. Оқушылпр саны 160-тай, кейбір жылдары 190 –ға жетті. Мектеп директоры Нұрбаев Ахметбек мектептің бір бөлмесінде тұрды.
1953 жылы Қожин Ризабек, ал 1955 жылдан 1958 жылға дейін Құрманғалиев Ануарбек мектеп директоры болып істеді. Мектепте сол жылдары «Газ-51» автомашинасы болды, сынғанан кейін совхозға берді. 1958 жылдан 1966 жылға дейін мектеп директоры Тлеужанов Қайырлы істеді. 1955 жылы тың игеруге байланысты «Ленин»совхозы құрылды, колхоз совхоздың бөлімшесіне айналды, ал 1960 жылдан бастап 7-жылдық мектептер 8-жылдық мектептерге ауыстырылды да Дайындық сегіз жылдық мектебі болып аталды.
1966 жылдан 1970 жылға дейін мектеп директоры Малгаждаров М.М., ал оқу ісінің меңгерушісі Абдрахманов Ж.А. істеді. Ол кезде мектепте 10 сынып – комплект болды.
Мектеп жанында бақшаның негізі 1954 жылы қаланды. Тұсында егілді. Мектеп бақшасының негізгі қалушы – Кожин Р. Болды.
1967 жылы жаңа мектеп салынды. 1970 жылдан 1983 жылға дейін мектеп директоры болып Абрахманов Ж.А. тың игерушілердің келуіне байланысты 1973 жылы мектеп толық орыс мектебіне айналды. 1971 жылдары мектеп жаңында тәжірибе участігі ұйымдастырылды. Оның жұмысың биолог Сейтенова Х.С. басқарды.
Сол жылдары аудандық көрмеге қатысып гүл өсіру жөнінде екінші орын алды (гүлдін 24 түрі өсірілді және көрмеге апарылды).
1978 жылы меетепте домбыра оркестры ұйымдастырылып, телидидардан көрсетілді. Оның жұмысын Шаймерденов Болат басқарды.
1983-1984 оқу жылында мектеп директоры Қадырбаев Б.Қ.тағайындалды. сол жылы оқушылар аудандық көркем өнер сайысына қатысып бірінші орын алды.
Аудандық гүлдер көрмесінде екінші орын.
Мектеп алды тәжірибе учаскісінен бірінші орын.
1986-1989,1990-1994 жылдары Абильмажинов Жалел Қайыржанұлы директор болды.
1989-1990 оқу жылының директоры – Усеинов Мурат Усеинович.
1994-1996 оқу жылдарының директоры Аманжолов Бауржан Сатыбалдинович.
1996 жылдан осы уақытқа дейін Рамазанов Талғат Сакенович директордың қызметін атқарып отыр.
Қазіргі таңда 14 мұғалім қызмет атқарады.Мектебімізде 66 оқушы бар Шаған орталақта 2 тәрбиеші, 12 бала.