Кітапхана

2022-2023 оқу жылына мектеп кітапханасының жұмыс жоспары

    Білім беру ұйымындағы  кітапхана – мектептің білім беру саласындағы мәдени, ақпараттық, ағартушылық және тәрбиелеу орталығы.

Кітапхананың басты мақсаты:

1. кітаппен жұмыс үдерісінде  балаларды  азаматтық сезімге тәрбиелеу, рухани-шығармашылық ұстанымдарын ашу;

2. оқушылардың оқу және оқу мәдениетін қолдау;

3. оқушыларды  оқуға тарту;

4. кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту;

Кітапхананың басты міндеттері:

1. педагогтар мен оқушылардың өзіндік білімдерін шыңдау мен оқу-тәрбие үдерісінде  ақпараттық-құжаттық қолдауды қамтамасыз ету;

2. оқушыларда ақпараттық мәдени және оқу мәдениетін қалыптастыру;

3. оқуға деген уәждеме мен кітапқа деген құрметке тәрбиелеу;

4. оқушыларда тұлғаның өздігінен дауын, өзін-өзі ұстау мәдениетін, адамгершілікке тәрбиелеу жөніндегі  әдебиеттерді насихаттауға назар аударуды күшейту;

5. ақпараттық-кітапханалық, кітапханалық қызмет көрсетудің сапасын арттыру;

6. ұлтжандылық, табиғатты сүю, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға  әсер ету.

Кітапхана жұмысының басты бағыттары:

• кітапханадан ақпарат алуға педагогтарға, оқушыларға, олардың ата-аналарына әдістемелік көмек беру.

• білім берудің жаңа құралдары туралыпедагогикалық және әдістемелік әдебиеттер туралы ақпарат алуда мұғалімдер үшін жағдай жасау.

• кітап оқу, баспаларды қарау, компьютерлік бағдарламалармен жұмыста мұғалімдер мен оқушыларға жағдай жасау.

• қордың жинақталуы мен  сақталуын  қамтамасыз ету.

• мектеп сайтындағы «Кітапхана» парақшасындағы материалдардың жүйелі толықтырылуын жүзеге асыру.

Жұмыс жоспары

Ісшаралардың атауыӨткізу мерзімі
оқу қорымен жұмыс
1Оқулықтармен  қамтамасыз ету  (қабылдап, тарату  )Қыркүйек, мамыр
2Оқулықтарды тарату журналын  жүргізуЖыл бойы
3Жаңа түскен оқулықтарды  қабылдап, техникалық өңдеуЖаңа оқулықтардың түсуіне байланысты
4Жаңа түскен оқулықтар мен оқу құралдары туралы мұғалімдер мен оқушыларды ақпараттандыруЖаңа оқулықтардың түсуіне байланысты
5Оқу қорының сақталуы жөнінде іс жүргізу  (оқулықтардың жай-күйін тексеру үшін сыныптарға рейд).Жартыжылдықта 1 рет
6Кітапханадан берілген баспалардың уақытылы қайтарылуын бақылауЖыл бойы
7Баспаларға шағын жөндеу жұмыстары мен түптеу жұмысын ұйымдастыруЖыл бойы
8Артық   оқулықтар қорымен жұмысОқу жылы бойы
9Бағдарламаның ауысуын мен көмескіленуін есепке ала отырып қорды есептен шығаруМаусым
10Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулықтар  тізімімен  оқу құралдарымен  және аймақтық оқулықтар кешенімен  жұмыс, рекомендованных. Оқу әдебиеттерін алуға тапсырыс әзірлеу.Жыл бойы
11оқулықтарды жинау мен 2021-2022 оқу жылына оқу әдебиеттерін алдын ала кешендеуМамыр-қыркүйек
Көркем әдебиеттер қорымен жұмыс
1Түскен әдебиеттерді тіркеу мен өңдеуді уақытылы өткізуЖаңа оқулықтардың түсуіне байланысты
2Кітапханаға еркін кіруді қамтамасыз етуЖыл бойы
3Оқырмандарға баспалар беруҮнемі
4Сөрелерде кітаптардың дұрыс қойылу тәртібін  сақтауҮнемі
5Кітапханадан берілген баспалардың уақытылы қайтарылуын жүйелі түрде қадағалауҮнемі
6Қордың сақталуы жөнінде іс жүргізуҮнемі
7Оқырмандармен жұмыс үшін қолайлы жағдай құруҮнемі
8Оқушыларды тартумен әдістемелік әдебиеттер мен оқулықтарды, көркем баспаларды шағын жөндеу жүргізуЖыл бойы
  9Тозуы, сақталу мерзімінің аяқталуын есепке ала отырып, қорды есепте шығару  маусым
10«Мектепке кітап сыйла» акциясына белсене қатысуды насихаттауҚазан-мамыр
Мерзімдік баспалар қорын жинақтау
11 жартыжылдыққа мерзімдік  баспаға жазылуҚазан
22 жартыжылдыққа мерзімдік  баспаға жазылумаусым
Ақпаратты-кітапханалық іс
1Жаңа оқулықтармен танысуЖаңа оқулықтардың түсуіне байланысты
2Кітапханалық сабақтарКестеге сәйкес
3Мерзімді шығарылымдармен танысуЖаңа оқулықтардың түсуіне байланысты
5Кітапхананың ауызша жарнамалық ісіҮнемі
6Рефераттар, хабарламалар, сынып сағаттары, қабырға газеттерін безендіру үшін материалдар таңдауда жеке көмек көрсетуЖыл бойы
Оқырмандармен жеке жұмыстар
1Оқу әдебиеттерін беруТамыз-қыркүйек
2Оқуға құштар мектеп 2021-2025 жылғаЖыл бойы
3Кітапхананың әрбір оқырманының жасына сәйкес көркем әдебиеттер мен мерзімдік баспаларды ұсынуКүнделікті
4Кітапхананың жұмыс кестесіне сәйкес мектеп оқушыларына қызмет көрсетуКүнделікті
5Берешектерді анықтау мақсатында оқырмандар формулярларымен жұмысЖелтоқсан, мамыр
6Абонементтермен әңгімелесу:Үнемі
а) кітапханаға жаңадан түскенкітаптар, энциклопедиялар, журналдар туралы жарнамалық; б) қайта тіркелген оқырмандармен кітапханада өзін-өзі ұстау ережесі, кітап оқу мәдениеті туралы әңгімелерсулер
Педагогикалық ұжыммен жұмыс
1Мұғалімдерге жаңа оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, педагогикалық журналдар менгазеттер туралы ақпараттар беруЖаңа оқулықтардың түсуіне байланысты
2Жаңа оқу жылына оқулықтар мен оқу құралдарын тиімді таңдауға бағытталған пән мұғалімдері ӘБ ақпараттық кеңес беру ісіСәуір
3.Сабаққа әдістемелік көмек көрсетуЖыл бойы
4.Берілген тақырып бойынша әдебиеттер мен мерзімдік баспаларды іздеу. Пән апталықтары мен сынып сағаттарына материалдар таңдауМұғалімдердің сұранысы бойынша
5.Оқушылардың мектеп кітапханасына келуі туралы мұғалімдерді ақпараттандыруЖыл бойы
6.Жаңа түскен кітаптармен таныстыру көрмелеріЖаңа оқулықтардың түсуіне байланысты
7.Қорытынды жасау жөнінде мұғалімдерді жетістіктермен таныстыру: «Кітапхананың ең үздік оқырманы» және   «оқырманы көп сынып»Мамыр
Қоғамдық іс– шаралар
Кітапханалық және ақпараттық сабақтар
29 сынып       2-9 сынып 7-9 сынып   2-9 сынып           2-9 сынып     2-4 сыныпҰлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл  5- қыркүйек      
Халықаралық қарттар күні.Қазан
Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл29 қараша
Ұлттық валюта күні (теңге) -«Қазақстанның ұлттық валютасы» көрме– шолу.15 қараша
Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні: «Қайғыға жол бермеу»  сурет көрмесі-әңгіме.Мектеп психологы Әлеуметтік педагог
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні: – «ЖИТС – бәріне қауіп» көрмесі – әңгіме.желтоқсан
  Жаңа жылдық мереке. «Ертегі әркімге керек»    25 желтоқсан  
Қазақ жазушысы, балалар ақыны, аудармашы Ермек Өтетілеуовтың туғанына 85  жыл1 қаңтар
2-9 сыныпәнші – композитор, ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың туғанына75 жыл2 ақпан,
2-9 сынып8 наурыз халықаралық әйелдер күні6  наурызға
«Наурыз мейрамымен» көрмесі – «Салем, наурыз!»-ойын-тұсаукесер  Наурыз
Қалай өмір сүресің, оқулық?» рейдЖыл бойы
«Ғарыштық эстафета»видео көрме12 сәуір
«Жеңіс шежіресі», «Ұлы Отан соғысы майданындағы қазақстандықтар». – «Соғыстағы балалық шақ» ерлік сабағы.9 мамыр
Презентациялар жарысы: «Ертегілер жолында»Мамыр
Оқушылар арасында акция
2-9 сыныпҚарыздармен жұмыс. Сыныптар бойынша берешек тізімін дайындау. «Ең үздік жыл оқырманы» «Ең үздік оқырман сынып»мамыр

Қосымша ақпарат көздері