Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты: өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және Президенттің Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады. Осыған орай Дайындық негізгі мектебінде бастауыш сынып және 5-8 сынып аралығында «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері» тақырыбы бойынша суреттер салынды және эссе жазылды. Оқушыларға еңбек туралы шағын видеоролик көрсетіліп, әрбір еңбек ерен қалмайтыны түсіндірілді.