#LessonStudy

Зерттеу нысаны ретінде 6- сыныбын таңдап алдық. Зерттеуге қатысатын мұғалімдермен бірлесе бақылауға алынатын оқушыларды анықтадық. *А* – оқушысы – сабақта белсенді, үлгерімі жақсы, бірақ басқа оқушыларға көмек қолын соза бермейді. *В*- оқушы – сабақта үлгерімі орташа, карта, суреттерді талдау дағдысы толық қалыптаспаған, мұғалімнің көмегімен орындай алады. *С*- оқушы – сабақта белсенділігі, ынта-жігері төмен, қазақ тілі деректер: сөздік қоры аз, өз бетінше сөйлем құрай алмайды, ержелерді түсінбейді. Психолог маманның көмегі арқылы оқушылардың қабылдау дағдысын анықтап алдық.

Сабақты жоспарлау үшін зерттеудегі мұғалімдермен басқостық. Мақсатымызға жету үшін қандай әдіс-тәсіл қолданған дұрыс, бағалау жүйесін қалай жүзеге асырған тиімді тұстарын анықтап, оқушылардың бақылау парағын әзірледік. Топ мүшелерінің әрқайсысы сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде нені көргісі келетінін нақты жазып отыру қажет екендігін айқындадық.

Қосымша ақпарат көздері