Бүгін біздің мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Уразалина Гульжан Жамбуловна тәуелсіздікке арналған «Желтоқсан желі…»атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты оқушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы терең мағлұмат беру, тарихи оқиғалар мен тәуелсіздік жолындағы күрескерлердің ерліктерін дәріптеу болды. Елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Болашақ ұрпақтың елінің жарқын болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру.


