Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бармайтын ата-аналар мен балаларға арналған консультациялық пунктінің жұмыс жоспары
/
2024-2025 оқу жылына жұмыс кестесі
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бармайтын ата-аналар мен балаларға арналған консультациялық пункт
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 27 бұйрығымен бекітілген
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бармайтын ата-аналар мен балаларға арналған консультациялық пункт Ата-аналарға арналған консультациялық пункт қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандартына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын білім беру ұйымының бөлімшесі ретінде мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналары үшін құрылады.
АКП қызметін құрудың және ұйымдастырудың мақсаты отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға баламен психологиялық-педагогикалық қарым-қатынас жасаудың мазмұнын, құралдарын және тәсілдерін тиімді іріктеуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларды жан-жақты дамытуға қолдау көрсету болып табылады.