29 қараша 2024 жылы Дайындық НМ «Абай мұрасы-ұрпаққа аманат»атты аудандық семинар өтті.Семинар жұмысын Дайындық НМ оқу ісі меңгерушісі Нурмаханбетова С.А ашты.
Әдістемелік семинарға Аққайың аудандық қазақ тілі мен әдебиеті ассоциациясының төрағасы Шарипов Қ.К және ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты,ол аудандық қазақ тілі мен әдебиеті ассоциациясының жоспарымен таныстырды.
Ақын мұрасының айнымас құндылығы болып табылатын шығармаларын насихаттау мақсатында аудан мұғалімдері өз жұмыстарын көрсетті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самал Абулаисовна «Абайдың адамгершілік танымы» атты шеберлік сыныбын көрсетті, кейін бағдарлама бойынша Ленин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Ескендирова З.Ж «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында цифрлық технологияны қолдану» атты тренинг, Рублевка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Илюбаева Б.Б Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының «Қайтқанда» бөлімінің үзіндісі бойынша шеберлік-сынып, Аралағаш ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Набиева С.Б «Құлақтан кіріп бойды алар» атты тренинг көрсетті. Джуасбаева Г.С «Абай мұрасы- ұрпаққа аманат» сынып шеберлік, Аманжолова С.Ш «Қазақ тілі мен әдебиет сабағында белсенді әдіс-тәсілдері қолдану» коучинг, Садыкова Г.У «Абай жолы» роман эпопеясынан үзінді «Абайдың оқудан оралуы»сахналау, Насилова Ы.К «Көңілге түрлі ой салар,әнді сүйсең менше сүй»Абай әндері, Дайындық НМ мұғалімдері Аюпова К.Қ, Уразалина Г.Ж Абай бойынша ашық сабақтар көрсетті.
Семинар барысында топта ынтымақтастық ,өзара пікіралмасу, тәжірибе алмасу болды. Нәтижесінде әр мұғалім өзіне құнды ақпарат алды .
Семинар соңында қазақ тілі мен әдебиеті ассоциациясының төрағасы Шарипов Қ.К ұйымдастырушыларға алғысын айтып, спикерлерге сертификат табыс етті.https://www.facebook.com/100022787363950/videos/937842578244240/

