Аққайың ауданы, Дайындық негізгі мектебінде Президент жолдауын орындау мақсатында және ҚР-ның Тәуелсіздігінің 33 жыл толуына орай «Дайындық негізгі мектебі»КММ-де аудан көлемінде Қазақ күресінен жарыс өткізілді. Жарысқа әр түрлі салмақ дәрежедегі спортшылар мен мектептің қыздары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сайыс мәресіне мықтылар шығып І,ІІ,ІІІ орынды иеленіп,Балалар мен жас өспірімдер спорт мектебінің орынбасары Н.А.Нұрышов және мектеп директоры Т.С.Рамазанов марапаттады. Дайындық негізгі мектебінің қазақ күресінің жаттықтырушысы С.Ж.Қайржановтың шәкірттерін құттықтаймыз!!!