Себебі «болашақтың басшысын да, данасын да, еңбекқор егіншісін де ұлағатты ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай қанша ғасыр өтсе де адамзат баласы ардақ тұтар ұстаз – мәңгілік қастерлі ұғым, барлық мамандық атаулының басы және шыңы. Жас ұрпақты білім мен тәрбиенің кәусар бұлағынан сусындатып, жүрегінің жылуын, нұрлы ақылы мен ыстық қайратын, телегей-теңіз білімін аяулы да қымбатты шәкірттеріне, өзі туып өскен еліне арнаған бірегей тұлға, ұлағатты ұстаз, директордың оқу жөніндегі орынбасары Самал Абулаисовна Нурмаханбетова үлгі-өнеге. Өзінің үлгілі өмірін ұстаздыққа арнаған Самал Абулаисовна елеулі еңбегінің арқасында елдің алғысына бөленіп жүр. 1997 жылдап бастап, Дайындық негізгі мектебінде ұстаздық қызметің атқарып келеді. 2003 жылдан бастап, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.Сол күннен бастап өзгеріске бейім, жаңалыққа құштар, заманауи оқыту кезеңінде инновацияға негізделген әдістемелік жұмыстарды шығармашылықпен жүйелі атқарып келеді. 2014 жылы Алматы қаласында 2 деңгейлік курсты аяқтап, 2019 жылы Астана қаласында шағын қамтылған мектептер басшыларына арналған курсын тәмамдады. Ұжымда әдістемелік жұмыстардың, мазмұнын, жоспарын, іс-шара жүргізу әдістерінің тиімділігін сапалы талдап, жақсартып, дамытуды үнемі назарда ұстайды. Самал Абулаисовнаның басты қағидасы ұжым мүшелерін бір-бірінен үлгі алуы, тәжірибе алмасуы, еліктей жүре үйренуі, бағыт беруі, бағыттауы жолға қойылған. Мұғалімдер арасында танымдық шаралар, шығармашылық топтар мен әдістемелік қауымдастықтар сайысын өткізіп, олардың креативті ойлауына жағдай жасайды. Осы шаралардың арқасында мектеп жоғары нәтижелерді көрсетіп келе жатыр.
Ұстаздың алдынан сабақ алған шәкірттері қазір де еліміздің түкпір түпкірінде мемлекетіміздің өркендеуіне өздерінің үлесін қосып, сапалы еңбек етуде. Тәжірибелі ұстаз, директордың оқу жөніндегі орынбасары бүгінде мектеп мұғалімдерін жаппай шығармашылық тұрғыда шыңдауда, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Все реакции:
3Вы, Айнур Сураганова и Самал Нурмаханбетова